Сары май тарихтан бері ата-бабамыз күнделікті тұрмыста қолданып келе жатқан қоректік қуаты мол, шипалық қасиеті зор, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан қасиетті азықтардың бірі. Бұл күндері осы киелі астың қадірі кетіп, таза, табиғи қасиетінен айырылып барады.
Сары май өзінің қоректік құны мен адамзаттың қажетін қанағаттандырып қалмастан, шипагерлік саласында да өзінідік рөлін әйгілеп келеді. Мысалы, адам денесінде қан қоюлық байқалса, таңертеңгі аста сары майды қалыпты деңгейде тұтынса, денедегі қан түйіршіктерін ыдыратып жібереді екен. Сары майды үздіксіз тұтыну қан қоюлық ауруының алдын алып қана қоймай, қантты несеп ауруына ем болатын шипалы дәрі есептеледі. Әсіресе, қазақтар ерте кезден сары майды пайдаланып буын ауруын емдеп келген. Мұнда буын қабыну ауруына тап болған адамның буынына сары май салынған қарынды тарту арқылы емдеген. Іші қатқан ересек адамдар мен сәбилерге де сары майды ерітіп ішкізіп отырған. Қазақ шипагерлігінде жара болған орынға сары майды ерітіп жақса жарақаттың аузын жұмсартып, ауырғанды басып, тез қалпына келуіне көмектеседі екен.
Дереккөз: massaget.kz