Жамбыл облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасына жаңа басшы тағайындалды

0 131

Жамбыл облысы әкімінің 2019 жылғы «24» шілдедегі №143-өкімімен Сариев Жеңіс Болатұлы Жамбыл облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасының басшысы болып тағайындалды, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Сариев Жеңіс Болатұлы 1975 жылы туылған, ұлты қазақ, білімі жоғары, 2000 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «Агроөнеркәсіп кешеніндегі экономика және менеджмент» және 2008 жылы Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін «Құқықтану» мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1993 жылы Жамбыл ауданында «Аса» совхозында жұмысшы болып бастаған.

1993-2002 жылдары Жамбыл ауданында «Аса» совхозының товарлы сүт фермасында оператор, «Жеті төбе» шаруа қожалығында жұмысшы, 2002-2005 жылдары Жамбыл ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімде кадрлар және запастағы офицерлер есебі бөлімшесі бастығының көмекшісі, аға көмекшісі, 2005-2011 жылдары Жамбыл ауданы әкімі аппаратының кадрлық және мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімінің бас маманы, бөлім меңгерушісі, 2011-2014 жылдары Жамбыл ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшысы, 2014-2015 жылдары Жамбыл ауданы әкімдігінің тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы, 2015-2016 жылдары Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары, бөлім басшысы, 2016-2018 жылдары Жамбыл облысы әкімі аппараты Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығындағы облыс әкімінің бас инспекторы, ұйымдастыру-инспекторлық бөліміндегі облыс әкімінің бас инспекторы, 2018 жылдың сәуір айынан бүгінгі уақытқа дейін Жамбыл облысы әкімі аппараты инфрақұрылымды дамыту бөлімінің басшысы қызметін атқарған.

Leave A Reply

Your email address will not be published.