Nur Otan партиясының Жамбыл облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Балабек Нарбаев жұмыс сапарымен ауданға келді. Алдымен Балабек Жанабекұлы жұмыс сапарын Бірлік ауылы маңында орналасқан санитарлық бақылау- өткізу бекетінің жұмыстарымен танысудан бастады.
Аталмыш санитарлық бақылау бекеті Нұр-Сұлтан бағытынан келе жатқан көліктердегі жолаушылардың дене қызуын тексеріп, мәліметтерін алады.Сонымен қатар санитарлық бақылау бекеті қажетті құрал-жабдықтармен толық қамтылған. Атап көрсететін болсақ, кезекші мамандарға арналған дизенфекциялау заттары, демалу-тынығуға, тамақтану, киім ауыстыруға және кедергісіз жұмыс істеуге 3 темір вагон және 1 шатыр және үш жерден бейне бақылау камералары қойылып, байланыс телефоны және интернет желісі (Wi-Fi) жүргізілген.
Сондай ақ бекеттен өткен барлық азаматтар міндетті түрде толық тексеруден өткізіліп және дене қызуы бар күдікті адамдар пайда болған жағдайда, қосымша тексерістерге дейін оқшаулау орны қарастырылған.
Бекеттің сапалы жұмыс жүргізілуіне 2 патрульдік автокөлік 5 қызметкерімен, дизенфекция жасауға арналған 1 жүк көлігі (Газ-53 ДУК) 3 қызметкерімен, ауылдық округ әкімдігінің 1 Нива автокөлігі 1 қызметкерімен, аудандық орталық аурухананың 1 автокөлігі 3 қызметкерімен және аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің 1 қызметкері, жалпы саны 5 техника 13 адам ауысыммен қызмет атқаруда. Бүгінгі таңға дейін 8198 азамат және 2881 техника тіркеуден өтіп, дене қызуы бар азаматтар тіркелмеген. Сонымен қатар науқастың дене қызуын анақтайтын арнайы 2 тепловизор қолданылуда.
Бұдан соң Nur Otan партиясының Жамбыл облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Балабек Нарбаев Бірлік ауылы ішінен бірнеше дүкендерді аралап, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының 9 түріне мониторинг жүргізіп, санитарлық тәртібі бақылап шығып, сатушыларға өз ескертпелерін айтып, бағаны негізсіз көтермеуге және дүкенге келушілерді маскасыз кіргізбеуін тапсырды.
Sign in
Sign in
Recover your password.
A password will be e-mailed to you.
Келесі