Жамбыл облысында COVID-19-дың 1089 жағдайы тіркелді

0 0

Жамбыл облысы бойынша 2020 жылдың 24 наурызы мен 24 маусым аралығында COVID-19-дың 1089 жағдайы тіркелді. Бұл жөнінде ӨКҚ ақпарат алаңында өткен брифингте Жамбыл облысының бас санитарлық дәрігері Ғазиз Дүйсенбекұлы айтты, — деп хабарлайды «ZhambylNews» ақпараттық агенттігі.

Демек, бұл жағдайдың 100 мың халыққа шаққандағы көрсеткіші – 94,1. Оның ішінде 637 науқас симптомымен, 452 науқас симптомсыз (2020 жылдың 3 маусымынан бастап симпитомсыз науқастар есебі бөлек жүргізіледі, жалпы статистикаға кірмейді). Ал, гендерлік құрам бойынша 56,7 % (361 жағдай) жаңа коронавирустық инфекцияны жұқтыру жағдайлары ерлер болса, 43,3% (276 жағдай) әйелдер.

Облыс аумағында коронавирустық инфекцияның барлық жағдайлары эпидемиологиялық тексерілді. Инфекция ошақтарында 6388 байланыста болған адам, оның ішінде 4470 жақын және 1918 әлеуетті адам анықталды. Бірақ, тексеру мерзімі аяқталғаннан кейін 5988 контактілер бақылаудан алынды.

Атап өтейік, еліміз бойынша COVID-19 — дың 19750 жағдайы тіркеліп, жазылып шыққандар саны 12220-ны құрап отыр.

Leave A Reply

Your email address will not be published.