Қордайда партия қатары толығуда

0 1
6 шілде – Нұр-Сұлтан қаласы күніне орай партия Қордай аудандық филиалының мәжіліс залында партия қатарына салтанатты қабылдау өтіп, оған партия ардагерлері мен белсенділері қатысты , – деп хабарлайды   “ZhambylNews” ақпараттық агенттігі.
Партия қатарына жаңа қабылданғандарға партия билеті салтанатты түрде тапсырылғаннан кейін партия ардагерлері өз әріптестеріне ата-бабаларымыздың ежелден көксеген, арманы болған Мемлекеттік тәуелсіздігіміздің құндылығы, дербес Қазақстан мемлекетінің қуаттануы мен абаттануы ең алдымен Елбасының еңбегімен және көрегендігімен тікелей байланысты екендігі жөнінде кеңінен әңгіме қозғады.
Тәуелсіз Қазақстан Республикасының тарихындағы барлық жетістіктері, қазақ халқының егеменді заманда жаңаша ерекше өрлеуі, өркендеуі, рухани-экономикалық еркіндігіміз, әлемдік қоғамдастық пен дүние жүзінің дамыған озық мемлекеттерімен тереземіз тең, дәулетті елдермен бірдей қарым –қатынас жасау жетістіктеріміздің барлығының алтын бастауы — біздің мемлекеттің Тәуелсіздігінде. Ал тәуелсіздігіміздің бір нышаны – Сарыарқаның төрінде Елордамыздың орнығуы.

 

Айта кетейік, жаңа астананың ресми тұсаукесер тойы 1998 жылдың 10 маусымына белгіленді. Бұл күн 2006 жылға дейін астананың туған күні ретінде мерекеленіп келді.

Кейінірек парламент депутаттары заңға тиісті түзетулер енгізіліп, мемлекеттік мейрамның датасы 6 шілдеге ауыстырылды.

Айта кетсек, Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың туған күні елорда күнімен тұспа-тұс келеді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.