Мойынқұм ауданының әкімі Елорда күнімен құттықтады

0 32

Мойынқұм ауданының әкімі Мәден Мұсаев Елорда күні мерекесімен құттықтады, — деп хабарлайды “ZhambylNews” ақпараттық агенттігі.

“Құрметті мойынқұмдықтар,қадірлі жерлестер!
Сіздерді елдік пен татулықтың туын көтерген, бүгінде киелі Сарыарқаның сайын даласына керегесін кең жайған Елордамыз – Нұр-Сұлтан күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Бүгінде Нұр-Сұлтан қаласы Отанымыздың жүрегі, Тәуелсіздігіміздің тірегі болып отыр. Нұр-Сұлтан қаласы еліміздің жаңаруының қарышты қадамдарымен алға басуының нышаны, көп ұлтты халқымыздың жасампаз күш-қуатының белгісі.

Елордамыздың әлем көз тіккен ғажайып ортаға айналуы Елбасы – Тұңғыш Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың теңдесі жоқ батыл шешімінің жарқын көрінісі. Осы жолда тер төккен әрбір жанның еселі еңбегінің жемісі.

Елорда ең алдымен азаматтығымыздың символы, Қазақстанның жаңа тарихының шынайы шежіресі, қарқынды дамуының, қол жеткен табыстарымыздың, абырой-беделіміздің, береке-бірлігіміздің жарқын көрінісі.

Баршаңызды Елордамыздың 22 жылдық туған күнімен құттықтай отырып, елімізге береке мен бірлік тілеймін. Елордамыз өсіп, өркендей берсін!” — делінген құттықтауда.

Leave A Reply

Your email address will not be published.