ҚМДБ: 13 шілдеде еліміздің барлық өңірінде құран хатым дұғасы жасалады

0 8

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 13 шілдені – Ұлттық аза тұту күні ретінде жариялау туралы өкімге қол қойды. Осыған орай ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен еліміздегі республикалық, облыстық ірі-ірі мешіттерде және медреселерде, қарилар даярлау орталықтарында 100 Құран Хатым оқылуда, — деп хабарлайды «ZhambylNews» AA ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

 «13 шілде күні елорда уақытымен сағат 13:00-де осы күндері қариларымыз оқып жатқан Құран Хатымның дұғасы жасалады. Ал Бас мүфтидің қатысуымен республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінде жасалатын Құран Хатым дұғасына ҚМДБ-ның Instagram желісіндегі ресми парақшасы және YouTube каналы арқылы онлайн қосылуға мүмкіндік бар», — деп мәлім етті ҚМДБ баспасөз қызметінен.

Сонымен қатар Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы еліміздегі барша мұсылман қауымын осы күндері шама келгенше Құран оқып, Алланы зікір етіп, кешірім тілеп және Пайғамбарымызға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) көптеп салауат айтуға шақырды. Ал 13 шілде күні республика имамдары, қариларымен бірге бір мезетте ел амандығы үшін дұға жасауға үндеді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.