Жер тұрғындарының жартысы ковидке қарсы екпе алған. Бұл туралы денсаулық сақтау еурокомиссары Стелла Кириакидес баспасөз-конференциясында айтты.
«Әлем халқының 50 пайызы екпе алды, дегенмен біз вакцинаны тек жеткізіп беру ғана емес, оның өз уақытында салынып жатқанына да көз жеткізу қажет деген тұжырымға келдік. Әсіресе, Африка елдері үшін бұл өте маңызды.
Себебі, онда тек вакцина емес, шприцтерді де жеткізу, клиникалар ашып, оны қажетті мамандармен қамтамасыз ету мәселесін де қарастыру қажет. Пандемия басталғалы бері Еуроодақ 130 елге 46 млрд еуро көмек көрсетті ,- деді еврокомиссар.