2021 жылы ел тұрғындары ерекше нөмірлерді алуға 6 млрд теңге жұмсаған. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда екі еседей көп. Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы хабарлады. Ерекше нөмірге ең көп қаражат жұмсаған алматылық көлік иелері. Олар 2,2 млрд теңгеге 6882 нөмір алған. Шымкент тұрғындары да әдемі нөмірге аза ақша жұмсамаған. Мұнда 3190 нөмір 818 млн теңгеге сатылса, 2231 Нұр-сұлтан тұрғынының көлігіне 667 млн теңгенің нөмірі тағылған. Сандар мен әріптер комбинациясы ерекше көлік нөмірлері 174 мыңнан басталып, 873 мың теңге аралығында сатылады. Көлік сатылған жағдайда нөмірді сыйға тартуға не сатуға болмайды. Оны жаңа көлік алғанға дейін сақтауға болады.
2021 жылы ел тұрғындары ерекше нөмірлерді алуға 6 млрд теңге жұмсаған. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда екі еседей көп. Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы хабарлады. Ерекше нөмірге ең көп қаражат жұмсаған алматылық көлік иелері. Олар 2,2 млрд теңгеге 6882 нөмір алған. Шымкент тұрғындары да әдемі нөмірге аза ақша жұмсамаған. Мұнда 3190 нөмір 818 млн теңгеге сатылса, 2231 Нұр-сұлтан тұрғынының көлігіне 667 млн теңгенің нөмірі тағылған. Сандар мен әріптер комбинациясы ерекше көлік нөмірлері 174 мыңнан басталып, 873 мың теңге аралығында сатылады. Көлік сатылған жағдайда нөмірді сыйға тартуға не сатуға болмайды. Оны жаңа көлік алғанға дейін сақтауға болады