Парижде өзен арнасынан асып, қаланы су басты

0 0

Парижде кейбір көшені су басып, жолдар мен Луврдың төменгі бөлігі жабылды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі interfax.ru сайтына сілтеме жасап.

Сена өзеніндегі судың өз деңгейінен асуына байланысты көптеген көшені су басты. Осының салдарынан кей көше тұрғындары қайықтың көмегімен қозғалып жатыр. Мұнымен қатар, жексенбі және дүйсенбі күндері су деңгейінің бұдан да қатты көтерілетіні айтылды.

Қауіпсіздік сақтау мақсатында бірнеше Париж саябағы, теміржол аялдамасы және Луврдың төменгі бөлігі жабылды. Бұдан өзге бірнеше мектеп пен аурухана жабылып, науқастар қауіпсіз жерге көшірілді.

Агенттік Париждің 2016 жылмен салыстырғанда мұндай төтенше жағдайға жақсырақ дайындалғанын айтады. Десе де, Сена жағасында тұрған қала мен ауылдардың қатты зардап шеккендері белгілі болды. Қаладағы кей үйде жарық пен газ жоқ.

Жексенбі күні Сенадағы судың деңгейі 5,9 метрге дейін көтеріледі деп болжанды. Өзеннің арнасынан асуына бірнеше апта тоқтамай жауған жауын-шашын әсер етті.

Дереккөз: baq.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.