Қазгидромет бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жасады, — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА.
23 қарашада Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде қар жауады. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығысында бұрқасын, көктайғақ күтіледі.
Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығысында екпіні 23- 28 м/с жетеді.
Петропавлда 23 қарашада қар жауып, бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады күші 15-20, күндіз екпіні 23 м/с.
23 қарашада Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында бұрқасын, көктайғақ, облыстың оңтүстігінде тұман күтіледі.
Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың басым бөлігінде күші 15-20, облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 23-28 м/с жетуі ықтимал. Қарағандыда23 қарашада бұрқасын, көктайғақ.
Оңтүстік- батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с болады. Жезқазғанда 23 қарашада бұрқасын, көктайғақ күтіледі.
Оңтүстік- батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. 23 қарашада Ақмола облысында бұрқасын, көктайғақ болады.
Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 23-28 м/с күтіледі.
Көкшетауда 23 қарашада кей уақыттарда жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.
23 қарашада түнде Қызылорда облысының солтүстігінде жел оңтүстік- батыстан соғады, күші 15-20 м/с күтіледі.
23 қарашада Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында тұман, көктайғақ күтіледі.
Оралда 23 қарашада тұман түсіп, көктайғақ болады.
23 қарашада Ақтөбе облысының солтүстігінде жаяу бұрқасын, көктайғақ сақталады.
Батыстан жел соғады, түнде облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с жетеді. 23 қарашада Атырау облысының батысында және орталығында тұман түседі.
Атырауда 23 қарашада түнде және таңертең тұман болады.