Мемлекет басшысының Жарлығымен Амандық Ғаббасұлы Баталов Алматы облысының әкімі лауазымынан босатылды , — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.
ҚР Президенті Әкімшілігінің Басшысы Ерлан Қошановтың қатысуымен Алматы облысының әкімдігінде облыстық мәслихаттың кезектен тыс сессия өтті. Жиында облыс мәслихаттың депутаттары Амандық Баталовты қызметінен босату жөніндегі шешімге дауыс берді. Нәтижесінде Амандық Баталов Алматы облысының әкімі қызметінен босатылды.