Қазгидромет» РМК еліміздің 10 өңірінде дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды «ZhambylNews» АА.
26 қарашада таңертең және күндіз Ақмола облысының солтүстігінде, батысында жаяу бұрқасын болады. Өңірдің оңтүстігінде -тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с. 26 қарашада Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман түседі. Оралда 26 қарашада түнде және таңертең — тұман.
26 қарашада Қызылорда облысының орталығында, 27-28 қарашада облыстың солтүстігінде тұман түсуі ықтимал. Түнде 26 қарашада Қарағанды облысының шығысында жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. 26-28 қарашада облыстың солтүстігінде тұман түседі.
26 қарашада облыстың басым бөлігінде жолдарда көктайғақ күтіледі.
Солтүстік-батыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысады, түнде 26 қарашада облыстың шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с жетуі мүмкін. Қарағандыда 26 қарашада жолдарда көктайғақ болады.
Жезқазғанда 26 қарашада көктайғақ. 26 қарашада түнде және таңертең Түркістан облысының таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Таулы, тау бөктерлі аудандарда жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, таулы, тау бөктерлі аудандарында күші 15-20, тау асуларында екпіні 25 м/с. Шымкентте 26 қарашада түнде және таңертең жаяу бұрқасын жүреді. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде екпіні 15-20 м/с. Түркістанда 26 қарашада түннің бірінші жартысында жаяу бұрқасын болуы ықтимал. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде екпіні 15-20 м/с жетеді. 26 қарашада Маңғыстау облысының батысында тұман түседі. Түнде 26 қарашада Ақтөбе облысының солтүстігінде жаяу бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстын жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. 26 қарашада Алматы облысының солтүстігінде және шығысында жел солтүстік-батыстан соғады, жылдамдығы 15-20 м/с. Жалаңашкөл ауданында оңтүстік-шығыстан жел соғады, өңірдің солтүстігінде тұман түседі. Талдықорғанда 26 қарашада солтүстік-батыстан жел соғады, түнде екпіні 15 м/с күтіледі.