Маңғыстау облысында сұйытылған газ құны 50 теңгеге төмендетіледі — Үкімет комиссиясы

0 0

Үкімет комиссиясы Ақтау қаласындағы Ынтымақ алаңына жиналған белсенділермен кездесті, деп хабарлайды «ZhambylNews» АА Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесуде Ақтау қаласының бастамашыл тобымен келіссөздер барысында қабылданған шешімдер жарияланды. Атап айтқанда, «ҚазМұнайГаз»ҰК АҚ әлеуметтік жауапкершілігі аясында Маңғыстау облысында сұйытылған газ құнын төмендету және литріне бағасын 50 теңгеден белгілеу туралы айтылды.

Сондай-ақ, алаңда болған адамдарды жауапкершілікке тартпау туралы кепілдік берілді.

Сондай-ақ, тараптар туындаған барлық мәселелерді сындарлы диалог аясында және қолданыстағы заңнама шеңберінде шешуге келісті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.