Тараз қаласында орналасқан №57 мектепте 4-сынып оқушыларымен ежелгі дәуір балалар әдебиетінің зерттеушісі профессор Меңдібай Әбілұлымен кездесу ұйымдастырылды, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.
Шара барысында оқушылар таңдау пәнінде алған білімдерін пысықтап, өлең, жы шумақтарын мәнерлеп оқып, пікірлерімен бөлісті. Кездесу соңында профессор оқушылардың сұрақтарына жауап беріп, әбедиет, тәрбие жөнінде ой қозғады. Балалардың Отансүйгіштік, патриоттық сезімдерін арттыру мақсатында өзінің жыр, қиссаларын оқып берді. Мұндай шаралар алдағы уақытта да өз жалғасын таппақ.