ҚР Ұлттық банкі базалық ставканы 13,5%-ға дейін көтерді, деп хабарлайды «ZhambylNews» АА.
«Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Ақша-кредит саясаты жөніндегі комитеті базалық мөлшерлемені +/-1,00 п.т. пайыздық дәлізімен 13,5% деңгейінде белгілеу туралы кезектен тыс шешім қабылдады.
Шешім 2022 жылғы 24 ақпанда күшіне енеді» делінген ҚР Ұлттық банкі таратқан хабарламада. ҚР Ұлттық банкі бұл шешімге қатысты толық мәлімет 13:00-де жарияланатынын мәлемдеді.