«Nur Otan» партиясының атауын «Аманат» деп өзгерту ұсынылды

0 193

Мәжіліс төрағасы, палатадағы Nur Otan фракциясының жетекшісі Ерлан Қошанов «Nur Otan» партиясының атауын «Аманат» деп өзгертуді ұсынды. Бұл туралы ол партияның кезектен тыс съезінде мәлім етті, деп хабарлайды  «ZhambylNews» АА.

«Біз ел бірлігін, халық тұтастығын, ұлттар татулығын, еңбекқорлықты, біліктілікті болашақ замандарға жаңғыртып жеткізуге міндеттіміз. Бұл істе тыңнан түлеген, сындарға шыңдалған партияға жүктелер жауапкершілік салмағы орасан. Біз қашан да бабалар аманатына адал болуымыз керек. Бұл — біздің перзенттік парызымыз. Сондықтын еліміздегі ең басты саяси ұйымның «Аманат» деп аталуы орынды деп ойлаймыз.

Осыған орай бүгінгі съезде Мәжіліс фракциялары депутаттары партия атауын «Аманат» деп өзгертуді ұсынып отыр»,- деді Ерлан Қошанов. Осы орайда Мәжіліс төрағасы съезд делегаттарына қарауға ұсынды.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.