Теңгенің әлсіреуі салдарынан Шымкентте ірі тоқыма фабрикасы жабылып қалды

0 16

Шымкентте үй текстилін өндіретін кәсіпорын жұмысын тоқтатып, қызметкерлердің басым бөлігін ақысыз демалысқа жіберуге мәжбүр болды. Себеп қазақстандық өнімді тауарды негізгі сатып алушы Ресей нарығынан кетті. Өзге салалардағы кәсіп иелері де қиын жағдайда. Украинадағы әскери қақтығыстың салдарынан қазақстандық барлық дерлік кәсіп иелері зардап шегіп отыр, деп хабарлайды «ZhambylNews» АА

«Айбат» жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап.

Әсіресе, сыртқа тауар шығаратындар қатты зардап шегуде. Олардың ішінде өндірісті тоқтатуға мәжбүр болғандары бар. Мәселен, төсек-орын жабдығын өндіретін шымкенттік фабрика Ресей нарығына бейімделген еді. Аталған кәсіпорынның негізгі сатып алушысы — шведтік IKEA компаниясы өткен аптада Ресей нарығынан кету туралы шешім қабылдады. Шымкенттік өндіріс орны жұмысты тоқтатып, тауарларын қоймаға жіберуге мәжбүр болды.

«Тапсырыстар жойылып кетті. Олар бізге рубльмен қарыз. Оның құны түсіп кетті, енді орнын толтыра алмаймыз. Қандай да бір жолмен басқа тапсырыс аламыз деп үміттенеміз», — дейді кәсіпорын директоры Гаухар Насырова.

Тігін фабрикасының 200-ден астам қызметкері ақысыз демалысқа жіберілген. Жергілікті тапсырысты орындау үшін бірнеше қызметкер жұмыс орнында қалды. Бірақ олар компанияның барлық міндеттерін атқара алмайды. Жақын арада кәсіпорын толыққанды жұмысына қайта оралмаса, миллиондаған қарызға кірейін деп тұр.

«Валюталық айырмашылықтың өзінен 160 миллион теңге жоғалтайын деп отырмыз. Бұл 3 наурыздағы есеп. Бүгінгі күнге қарыз одан да көп болуы мүмкін. Одан бөлек, ай сайын 23 млн теңге несие төлеуіміз керек. Одан бөлек, жеткізушілерге қарызымыз бар», — дейді Насырова.

«Атамекен» Ұлттық палатасы жанындағы дағдарысқа қарсы штабтың мәліметінше, ең басты мәселе Украинадағы әскери қақтығыстардың аясында жеткізу тізбегінің үзілуі болып отыр. Шымкентте дәрілік препараттар мен медициналық бұйымдарды шығаратын ең ірі кәсіпорын жұмысын тоқтатудың алдында тұр. Ал үй салушы компаниялар банкротқа ұшырауы мүмкін, дейді сарапшылар.

Елдегі қалыптасқан экономикалық жағдайға байланысты қазақстандық кәсіпкерлер сыртқы сауда палатасына жаппай жүгінуде. Кәсіпкерлер «форс-мажор туралы куәліктің» берілуін сұрауда. Айтуларынша, ол салық пен коммуналдық төлемдерді, несие төлемін кейінге шегеруге мүмкіндік береді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.