Антикор қызметкерлері Шиелі аудандық білім бөлімінің қазына қаржысын жөнсіз жұмсамақ болғанын анықтады. Бөлім 14 миллион теңгеге бір литр табиғи сүт сатып алуды жоспарлаған.
Дерек тексерілгеннен кейін сүт бағасы 223 теңгеге дейін төмендетілді. «Бақсам — бақа екен» демекші, білім бөлімдеріндегі былық бұл ғана емес екен.
Агенттік қызметкерлері арнайы мониторинг барысында осындай бірқатар деректер анықталды.
Қармақшы ауданындағы №275 орта мектеп балаларға 1 данасы 1 670 143 теңге тұратын күртеше сатып алуды жоспарлағаны анықталды. Жалпы 208 миллион теңгеден аса сомаға 125 күртеше сатып алу жоспарланған. Ұсынысқа сәйкес тауар құны 16 701 теңгеге дейін төмендетілді. Жалпы сатып алу сомасы 2 миллион теңгеден асты.
Нәтижесінде 206 680 197 теңге көлеміндегі мемлекеттік қаражат қайтарылған.