Алматыда дәрігерлер баланың сау көзіне ота жасаған

0 9

4 жастағы Асылжан есімді балақайдың «оң көзінде киста бар» деген диагноз қойылып, ота жасау жоспарланған екен. Бала анасымен бірге ауруханаға жатып, отаға дайындалған. Жоспарланған уақытта баланы ота бөлмесіне алып кетіпті. Ота аяқталып, бала анасының жанына әкелінгенде ол операцияның оң көзге емес сол көзге жасалғанын білген. «Дәрігер оң көзінде киста бар екенін растады, жолдама да берді. Баланы бүгін таңғы 9-да операцияға алып кетті, бәрі тез өтті. Бірақ неге оң көзіне емес, сол жақ көзіне операция жасалғанын түсінбедім. Мен дәрігерге қателескенін дәлелдей бастадым, бірақ олар бәрін жоққа шығарады. Мен мамандардан кеңес алдым, олар да кистаның бір күнде жазылып кетуі мүмкін еместігін растады», — дейді баланың анасы Айдын Тоқсанбаева.

Операциядан бір күн бұрын бала қайтадан тексеріліп, диагнозы расталған. Бірақ, дәрігерлер, баланың басқа көзінде де киста болған деп отыр. Отаның нәтижесі анасының ашуын тудырды. Ол дәрігерлердің салғырттығынан қателік жібергеніне сенімді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.