Құжаттардың мерзімі өткені туралы SMS хабарлама келеді

0 12

Құжаттардың мерзімі өткені туралы SMS хабарлама келеді. Бұл қызмет қазақстандықтар үшін 1-сәуірден бастап қолжетімді болды. Енді ұялы телефонда алдын ала хабарлау жұмыс істей бастады. Азаматтарға жеке куәлігінің немесе жүргізуші куәлігінің мерзімі біткенге дейін 30 күн бұрын ескертіліп отырады. Бұл бағдарламаны Ішкі істер министрлігі Цифрлық даму министрлігімен бірлесіп әзірлеген. Алайда, SMS хабарлама алу үшін азаматтар «электрондық үкімет» порталындағы «жеке кабинетіне» кіріп, ұялы телефон нөмірін көрсету қажет.

Leave A Reply

Your email address will not be published.