Полицейлер осыдан 14 жыл бұрын жоғалып кеткен Өзбекстанның 39 жастағы азаматын Нұр-сұлтан қаласынан тапты. Оны туыстары 2008 жылдан бері іздеп келеді. Табылған азаматшаның айтуынша, ол Алматыға жұмыс істеуге келген.
Одан кейін Шымкент, Қызылорда қалаларында жұмыс істеген. Кейіннен құжаттарын жоғалтып алғанын, туыстарымен байланыса алмағанын айтты. Осы жылдар бойы ол үй қызметшісінен бастап бөлмелер мен дәмханаларды тазалап күн көрген. Қазір көші-қон қызметі әйелге уақытша құжат берді. Бір айдың ішінде ол Қазақстаннан еркін шығып, отанына орала алады.