Илон Маск гуманоид- роботтардың шығарылатынын хабарлады. Tesla компаниясының негізін қалаушының айтуынша, жаппай өндірістің алғашқы даналары 2023 жылы пайда болады. Маск өзінің жаңа өнімін «Optimus» деп атады.
«Мүмкін әлі елестету қиын шығар, бірақ, көресіз, «Optimus» бәрін тез үйренеді. Біз оның «Терминатор» сияқты емес, қауіпсіз екеніне көз жеткіземіз. Робот әлемді автомобильдерге қарағанда көбірек өзгертеді», — деді Илон Маск. Гуманоид робот жасанды интеллектке ие болады, бойы 170 см, салмағы 57 кг. Маск бұл даму бүкіл әлемдік экономикаға өте күшті әсер етеді деп сенеді.