Жалған құжатпен Қазақстан аумағынан өтпек болғандар ұсталды, Бұл туралы ҰҚК баспасөз қызметі хабарлады , — деп жазады «ZhambylNews» АА.
Мәліметке сәйкес, 6 сәуірде Алматы әуежайында жалған құжат ұсынған Орталық Азия елдерінің бірінің төрт азаматы төлқұжаттық бақылаудан өтіп жатқан жерінде ұсталды. Жүкті тексеру кезінде олардың нақты төлқұжаттары табылды.
«Алдын ала мәлімет бойынша, олар Қазақстан Республикасы арқылы транзитпен өту үшін жалған құжат алған. Бір жалған төлқұжаттың құны 10 мың долларды құраған. Жалған құжаттар тәркіленді. Ал аталған тұлғаларды елден шығару мәселесі шешілуде» делінген хабарламада.