Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов қаңтар оқиғасы кезінде зардап шеккен полиция департаментінің қалпына келтіру жұмыстарымен танысты , — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА.
Облыстық полиция департаментінің ғимараты толық күрделі жөндеуден өтті. Облыс әкімі Жедел басқару орталығындағы жұмыстарды көріп, қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету шараларының маңыздылығын атап өтті.
Сондай-ақ, департаменттің қызметкерлеріне арналған кеңсе жиһаздар және керекті техникамен қамтамасыз ету үшін жауаптыларға нақты тапсырма жүктеді.