Азық-түлік тағы қымбаттады

0 30

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы тағы көтерілді , — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА.

Осы аптада өсім 0,9% құраған. Бұл туралы Сауда және интеграция министрлігі Сауда комитетінің төрағасы Ержан Қазанбаевтың баяндамасында айтылды.

Мәліметке сәйкес, ең көп қымбаттаған өнім — пияз, бағасы 7,2%-ға қымбаттаған. «Сәбіз – 2,6%, қырыққабат – 2,5%, картоп – 2,2%, сүт – 1,8%, құс еті мен айран – 1,6%, қант бағасы – 1,1% өсті. Өңірлер бойынша ең жоғары баға Маңғыстау облысында – 2%-ға, Солтүстік Қазақстанда – 1,9%-ға, Ақмола мен Қызылордада – 1,5%-ға көтерілген. Жалпы, жыл басынан бері бағаның өсуі 12,4%-ды құрады», — делінген Премьер-Министрдің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Leave A Reply

Your email address will not be published.