Boxrec.com сайты жаңартылған рейтингіні жария етіп, онда қазақстандық Геннадий Головкин көш бастады, деп хабарлайды «ZhambylNews» АА.
Кеше Риота Муратаны (16-3, 13 КО) нокаутпен жеңгеннен кейін Геннадий Головкин (42-1-1, 37 КО) BoxRec рейтингісінде салмақ дәрежесіне қарамастан, барлық боксшылар арасында 698.6 ұпаймен бірінші орынға көтерілді.
Мексикалық Сауль «Канело» Альварес (57-1-2, 39 КО) 678.4 ұпаймен екінші сатыда. Америкалық Теренс Кроуфорд (38-0, 29 КО) 524.0 ұпаймен әлем боксшылары арасында үздік үштікті түйіндеді.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Геннадий Головкиннің жапониялық қарсыласын жеңгенін, жекпе-жектен кейін Риота Муратаға шапанын сыйға тартқанын жазған болатынбыз.
Сондай-ақ жапониялықтар Головкиннің өз шапанын Муратаға жапқанын талқылап жатыр.