Жамбыл облысында 25 ауылға су, 17 ауылға газ тартылады

0 9

Жамбыл облысында 25 ауылға су, 17 ауылға газ тартылады. Бұл туралы облыс әкімі Нұржан Нұржігітов Мемлекет басшысына жасаған баяндамасында айтты , — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА.

Биылғы үш айдағы аймақтың даму көрсеткіштері мен Президент тапсырмаларының орындалу барысы туралы айтқан аймақ басшысы алдағы жоспарларға да тоқталды. Биыл өңірде құны 100,5 миллиард теңге болатын 15 инвестициялық жоба іске асырылып, 1000-нан астам жұмыс орны ашылады деп күтілуде. 810 мың шаршы метр тұрғын үй салынып, 25 елді мекенге ауызсу, 17 ауылға газ тартылмақ.

Бұдан бөлек, бағаны бақылауда ұстау, халықтың табысын арттыру, инвестиция тарту және мемлекеттік бағдарламаларды тиімді жүзеге асыру бойынша жұмыстар атқарылады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.