Меморгандардың кеңсе қағазына жұмсайтын шығындары 3 есе азаяды

0 6

2022 жылдың аяғына дейін мемлекеттік органдардың кеңсе қағазына және онымен байланысты тауарларға арналған бюджет шығыстары үш есеге қысқартылады. Бұл туралы Президенттің «Мемлекеттік аппараттың қызметін бюрократиядан арылту жөніндегі шаралар туралы» Жарлығында айтылған.

«Кеңсе қағазына және онымен байланысты тауарларға арналған бюджет шығыстарын үш есеге қысқартуды қамтамасыз етсін», — деп жазылған құжатта. Жарлық бойынша, мемлекеттік ақпараттандыру объектілерінде қамтылған азаматтар мен заңды тұлғалар туралы мәліметтерді түзетудің оңайлатылған тетігі енгізілмек.

Сондай-ақ, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардың қызметінде жасалатын үлгілік құжаттардың тізбесін қысқарады. Бұл құжаттардың әрқайсысын қанша мерзім бойы сақтау керектігі көрсетілуі керек.

«Нормативтік құқықтық актілер жобаларының «Ашық НҚА» интернет-порталында орналастырылғаны туралы хабарламаларды Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктеріне, қоғамдық кеңестерге жіберу рәсімінің автоматтандырылуын қамтамасыз етсін», — деп жазылған аталмыш құжатта.

Еске салсақ, бүгін Президент мемлекеттік аппараттың жұмысын бюрократиядан арылту туралы Жарлыққа қол қойды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.