Шымкентте түсініксіз вирус тарап жатыр

0 18

Шымкентте түсініксіз вирус тарап жатыр. Бұл туралы Orda.kz сайтында жарияланды , — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА.

Вируспен ауырғандарды қатты жөтел мен ентігу, қатты тершеңдік мазалауда. Бірақ, науқастардың дене қызуы көтерілмеген. ПТР нәтижесі теріс. Дене қызуы қалыпты болғандықтан, мұндай науқастар ауруханаға жатқызылмаған. Дәрігерлер ақпан-наурыз айларында 7962 жіті респираторлық вирустық инфекцияны, яғни өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда екі есеге көп ауруды тіркеген. «Біртүрлі вируспен» ауырып жатқандардың бірі — 38 жастағы Рано Юсупова. Ол күйеуімен бірге төрт күннен бері ауырып жатыр. Әлсіздік пен шамадан тыс терлеуден басқа, екеуінде де күшті жөтел бар, бірақ температура қалыпты. Олардың балаларында да дәл осындай белгілер болған.

Қызу болмағандықтан отбасы мүшелері ауруханаға жатқызылмаған. Ал дәрігерлер науқастарда температураның болмауы — иммундық жүйенің әлсіреуінен деп түсіндіреді. Яғни, ағза инфекцияға жауап беруді тоқтатады. Көбінесе бұл қарт адамдарда және жақында коронавируспен ауырғандарда болады. «Бұл қауіпті жағдай, температураның болмауынан адамдар бронхит, пневмония, гайморит, тіпті туберкулездің дамуын байқамай қалуы мүмкін,- дейді инфекционист Зарипа Оспанова.

Сондықтан да дене қызуы болмаса да адамдар дәрігерге қаралғаны дұрыс деді маман.

Leave A Reply

Your email address will not be published.