Ардагерлерге 1 млн теңгеден беріледі. Әзірге бұл тек Алматылық ардагерлерге ғана қатысты. Жаңалықты Е.Досаев айтты , — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА.
«Ұлы Жеңіс күні біз үшін өте маңызды. Өкінішке орай, пандемия екі жыл бойы мерекелеуді шектеді. Биыл біз бұл күнді өз деңгейінде атап өтеміз. Әрбір ардагерге қолдау көрсету мақсатында 1 миллион теңгеден бөлінеді», — деді Алматы әкімі. Сондай-ақ тыл еңбеккерлері, басқа да ардагерлерге теңестірілген тұлғалар да қолдауға ие болады.
Еске сала кетейік, 1 наурыздағы мәлімет бойынша елімізде 395 ҰОС ардагері қалған.