15 сәуір, яғни бүгінгі күннен бастап елімізде мобильді ақша аударымдары тексеріле бастайды. Мәліметке сәйкес, адамның жеке тұлға ретінде ашқан банк шотына үш ай қатарынан 100 және одан да көп адамнан ақша аударымдары түскен болса, ол азамат кәсіпкерліктен ақша тауып отырған болып есептеледі.Жалпы жеке аударымдарға салық салынбайды.
Сонымен қоса мәліметтер жаппай мемлекеттік кіріс органдарына берілмейді.