Белгілі әнші Түркия ауруханасына түсіп қалды

0 41

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Бағдат Сәмединова Түркия ауруханасында жатыр. Әріптестері әншіге ота жасалатынын, оған қаржылай көмектің қажет екендігін желілерде хабарлап жатыр.

«Құрметті әріптестер! Құрметті қауым! Қазақтың аяулы қызы, жезтаңдай әншіміз Бағдат Сәмединованың денсаулығына байланысты шұғыл түрде қаржылай көмек керек. Қазір 2-ші ай түрік елінде ауруханада ем алып жатқан Бағдат апайға операция жасалады деп күтілуде», – делінген хабарламада.

Алтынбек Қоразбаев, Роза Рымбаева, Мақпал Жүнісова, Майра Ильясова, Мейрамбек Беспаев, Ерғали Әбдірайымов сынды өнер адамдары Бағдат Сәмединованың денсаулығына алаңдаушылық білдіріп, оған қаржылай қолдау көрсетуге атсалысып жатыр.

Leave A Reply

Your email address will not be published.