Заңнамаға сай, жақын туыстарының қатарына ата-ана, балалар, асырап алушылар, асырап алынғандар, толық және толық емес аға-інілері мен апа-қарындастары, атасы, әжесі, немерелері жатады. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы заңнамада қайын жұртқа, яғни ерлі-зайыптылардың жақын туыстарына да шектеулер белгіленген.Қазақстан Республикасының Әділет министрі Қанат Мусин
Әділет министрлігі басшысының айтуынша, президенттің жарлығымен мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізілімі анықталды, оған министрлер, олардың орынбасарлары, әкімдер, мемлекеттік органдардың басшылары жатады.
Өз кезегінде квазимемлекеттік секторға мемлекет мүше болып табылатын ұйымдар кіреді.
Осылайша, заңнамалық деңгейде тиісті тыйымдар белгіленгеннен кейін, мәселен, президенттің ағасы, әпкесі, балалары «Самұрық-Қазына» немесе «Бәйтерек» сияқты ұлттық компанияларда басшылық қызмет атқара алмайды.Қанат Мусин
16 наурызда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында Конституцияда президенттің жақын туыстарына саяси мемлекеттік қызметшілер мен квазимемлекеттік мекемелерде басшы лауазымдарын атқаруға тыйым салынатын жаңа нормаларды бекітуді тапсырды.