4 жаңа партия құрылуда

0 24

4 жаңа партия құрылуда. Олардың құжаттары қазір Әділет министрлігінде қаралып жатыр. Бұл туралы ведомство басшысы Қанат Мусин айтты , — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА.

Жаңа партиялар Ел тірегі», «Намыс», «Бәйтерек» және «Халық дербестігі» деп аталған.

Әзірге тек «Халық дербестігі» партиясы екінші кезеңге өтіпті. Бұл ұйым енді 20 мың кандидатының тізімін ұсынуы қажет.Заңға сәйкес тіркеу мерзімі тоқтатылып, партия мүшелерін тексеру жүріп жатыр.

Ал, «Ел тірегі», «Намыс» және «Бәйтерек» партиялары бойынша бірінші кезең деңгейінде жұмыс жүргізілуде. Яғни партия құру ниеті туралы хабарлама алынғаннан кейін заңға сәйкес тексеру жасалады», – деді министр.

Leave A Reply

Your email address will not be published.