Әділет вице-министрі жаңадан тағайындалды

0 19

Наталья Пан ҚР әділет вице-министрі қызметінен босатылды, деп хабарлайды «ZhambylNews» АА.

\Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен Алма Қайратқызы Мұқанова ҚР әділет вице-министрі лауазымына тағайындалды, делінген ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметі хабарламасында.

Алма Мұқанова 1988 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Қазақ гуманитарлық заң университетін, The University of Warwick (Ұлыбритания) тәмамдаған.

Еңбек жолын 2006 жылы «ҚазРуно» АҚ маманы болып бастаған.

2010-2012 жылдары — «Қазақ гуманитарлық заң университеті» АҚ маманы.

2012-2015 жылдары ҚР Әділет министрлігінің Заңнама департаментінің қылмыстық іс жүргізу және қылмыстық атқару заңнамасы және қорғаныс саласындағы заңнама басқармасы сарапшысының м. а., сарапшысы, бас сарапшысы қызметтерін атқарды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.