ТАРАЗДА 20-30 ЖЫЛ БОЙЫ ЖАРЫҚСЫЗ ТҰРҒАН КӨШЕЛЕР ЖАРЫҚТАНДЫРЫЛДЫ

0 7

Тараз қаласы тұрғындарының сұраныстары негізінде инфрақұрылымды дамытудың 3 жылдық жол картасы бекітілді. Жол картасына ұзақ уақыттан бері шешімі табылмаған, қоғамдық наразылық тудырып, тұрғындар тарапынан көтерілген ең қажетті көше жолдарын жөндеу, көше жарығын орнату, су құбырын жүргізу, аулаларды абаттандыру, балалар ойын алаңдарын салу, арықтар мен лоток жүйелерін қалпына келтіру, каналдар арнасын тазалау жұмыстары енгізілді. Бұл туралы ӨКҚ баспасөз алаңында Тараз қаласының әкімі Ержан Жылқыбаев айтты , — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА.

Ол 2021 жылы инфрақұрылымды дамытуға барлығы 38,8 млрд. теңге бөлінгенін, 100-ден аса жоба жүзеге асқанын да мәлімдеді. 1,6 млрд. теңгеге 26 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілген. Әсіресе, мүлдем асфальт жабындысын көрмеген, әлеуметтік желіден жиі көтерілетін көшелер қамтылған.

«48,7 млн. теңгеге 39 қоқыс алаңшасы жөндеуден өтті. Нәтижесінде, аталған мекенжайларда тұратын 7 000-нан астам адамға өз септігін тигізді. 194,3 млн. теңгеге 41 көшенің 35,1 шақырымына жарықтандыру жүргізілді. Оның ішінде мүлдем жарығы жоқ, 20-30 жыл көше жарығын көрмеген аумақтар басты назарға алынды. Осы көшелерде тұратын 10 мыңнан астам адамның түнгі уақытта қауіпсіздігі қамтамасыз етіліп отыр. 111,3 млн. теңгеге 11,4 шақырымды құрайтын су желілері мен кәріз желілері ағымды жөндеуден өтті. Қазір 530 шақырым арық жүйесі ағын сумен қамтамасыз етіліп отыр», — деді Ержан Жұматұлы.

Спикер қаланың ирригация жүйелерін тазалау жұмыстарына жергілікті бюджеттен 120 млн. теңге бөлініп, қаланың арық желілері механикалық тазалаудан өтккенін хабарлады. Сонымен қатар, 265,4 млн. теңгеге жаңа стандарттарға сай, заманауи, әртүрлі жастағы балаларға арналған 14 аула абаттандырылған. Мұнда да Кеңес дәуірінен бері жөндеу көрмеген аулаларға басымдық берілді. Нәтижесінде, 2000-нан астам тұрғынға аулалардың қолжетімділігі артты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.