18218 Алихан, 22055 Медина. Сізбен аттас қанша адам бар, көріңіз

0 108

Соңғы бес жылда сәбилерге бірыңғай есімдер қою белең алған. Бұл жайында қазақша wikipedia әкімшісі Қайыр Рысбаев Zakon.kz сайтына берген сұхбатында айтты. Өткен жылы елде 450 мың сәби дүниеге келген. Алайда, ұлдардың 14,5%, қыздардың 25,5 % ең жиі қойылатын есімдерді иеленіпті. Маман дүниеге келген баланың есімі басқалардан ерекше болсын деген ата-аналарға Қазстат сайтының көмегіне жүгінуді ұсынды.

Аталған stat.gov.kz сайтында ел аумағында немесе облыста жасы мен жынысы, есімдері бірдей қанша адам бар екенін көруге болады. Қайыр Рысбаев соңғы бес жыл ішінде ең көп қойылған есімдерді таңдамауға кеңес береді. Өйткені, бұл жағдай балалар ұжымдарының арасында есімдердің көптеп қайталануына әкеліп соғатынын айтты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.