Демалыс күндері 35 градусқа дейін ыстық болады

0 7

«Қазгидромет» РМК 14-16 мамыр аралығында ел аумағында қалыптасатын ауа райы туралы мәлімет ұсынды.

«Алдағы демалыс күндері Қазақстанның синоптикалық жағдайы Солтүстік Атлантикалық циклонның жылы секторымен және онымен байланысты атмосфералық фронттардың өтуімен шартталады.

Солайша шығыста, батыста және таулы, тау бөктеріндегі аудандарда қатты жаңбыр жауып, жел күшейеді.

Бірақ, бұған қарамастан, температура бағамында айтарлықтай ауытқу күтілмейді. Еліміздің батысында, солтүстігінде, шығысында және орталығында күндіз термометр 17-25 градусқа дейін, ал елдің оңтүстігінде 18-28-ден 23-35 градусқа дейін көтеріледі», — делінген синоптиктер болжамында.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.