Жалпыхалықтық референдумда дауыс беру аяқталды.
Елдің бүкіл аумағында сағат 20.00 де Жалпыхалықтық референдумда дауыс беру процесі аяқталды. Алдын ала мәлімет бойынша, дауыс беруге сайлаушылардың 67,6 пайызы қатысқан. Ең белсенді дауыс берген Түркістан облысы (80,6%) болса, ең аз көрсеткіш Алматы қаласында (32,2%) тіркелген. Exit poll деректері түн ортасынан кейін жарияланады. Қазір дауыс санау басталды.