Доллардың теңгеге шаққандағы бағамының өзгеру болжамын бір айға және бір жылға Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы ұсынды. Бұл туралы informburo.kz сайты хабарлайды. Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы қаржы нарығына кәсіби қатысушылар арасында жүргізілген сауалнамаға сүйене отырып бір жылішінде доллар бағамы 473,7 теңге болуы мүмкін деп болжам жасады. Сарапшылардың айтуынша, шілде айының басында америкалық валюта бағамы 433,3 теңге болады. «Ұлттық валюта бағамының байқалған ауытқуларына қарамастан, алдағы уақытта ағымдағы деңгейден айтарлықтай ауытқу күтілмейді. Бірақ алдағы 12 айда ол аздап әлсіреуі мүмкін (ағымдағы бағамға +9,7%). ), — делінген қауымдастық хабарламасында.
Сарапшылар жылдық инфляцияның 14% базалық мөлшерлемемен бірдей деңгейге жеткенін, бұл ағымдағы ақша-кредит шарттары алдағы айда сақталады дегенді айтып отыр. Сарапшылар ЖІӨ өсімін бір жылда 2,9% деп бағалады. Шикізат бағалары қолайлы, фискалдық ынталандыру артып отырғаны атап өтілді. Екінші жағынан, жеткізу тізбегінің бұзылуы қазақстандық мұнайды экспорттауда қиындықтарға және тасымалдау шығындарына байланысты жеңілдікпен сатылатын Brent маркалы мұнай бағасының төмендеуіне әкеледі. «Бір жылдан кейін Brent маркалы мұнай мен рубльдің долларға шаққандағы бағамы ағымдағы құнмен салыстырғанда төмендеу үрдісін көрсетеді», — дейді қаржы нарығы мамандары.