«Рахат» фабрикасы «барбарис» пен «ирис» шығаруды тоқтатты

0 35

Бұл туралы Алматыда өткен баспасөз мәслихатында «Лотте Рахат» фабрикасының басқарма төрағасы Константин Федорец мәлімдеді.

«Біз енді барбарис карамелі мен ирис кәмпиттерін шығармаймыз, олар қантты көп қажет етеді. Ал, қазір қант өте тапшы. Соның кесірінен Шымкенттегі зауытымызды тоқтатуға мәжбүрміз»,- деді ол.

Оның айтуынша, қант тапшылығына қатысты жағдай Ресейдің оны экспорттауға тыйым салуына байланысты қиындап кеткен.

Leave A Reply

Your email address will not be published.