Ережесіз жекпе-жектен әлемнің екі дүркін чемпионы Ардақ Назаров 30 жастағы жігіттің тұсауын кесті.
Оқиғаның бейнежазбасын блогер Дәулет Мұқаев әлеуметтік желідегі парақшасына салды.
«Солай да солай қарағым, 30-дан асып барамын!» 30 жасар жігіттің тұсауын Ардақ Назаров ағамыз кесті. Чемпион болсын! Ақ жол!» – деп жазды блогер.
Бұл оқиға көпшіліктің пікірін екіге жарды. Бірі қолдау білдіріп, жігітке ақ жол тілесе, басқалары бұл хайп үшін жасалған деп сөгіп жатыр.
«Сүндетке отырам деп бәле қылмаса болар», «Кәрі түйе ойнақтаса жұт болады», «мынау енді ерсі», «Алдына кілт, кітап, ақша, домбыра қойды ма?», «Қой, құрысын, баламның тұсаукесер тойына тойхана іздейін ертеңнен бастап, 1,5 жаста кеш болып кетті ғой, жасамай-ақ қояйық деп жүрсем» деген сияқты пікірлер жазылып жатыр.