Сайлауда 47,71 пайыз дауыс жинаған Бақыт Қуатбекұлы Күрішбеков Талғар қаласының әкімі болып сайланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Талғар аудандық сайлау комиссиясының мәліметі бойынша, бүкіл сайлаушылардың 23,77% дауыс берген.
Талғар қаласы әкімінің лауазымына 4 үміткер таласты. Бақытжан Рақымұлы Ақботаев сайлау қорытындысы бойынша 23,63% дауысқа ие болды, Нұрбек Бақытқанұлы Даулетбақовты халықтың 17,84% қолдаған. Сапарбек Мұхтарұлы Назарбаев 7,70% дауыс жинады.
218 сайлаушы бәріне қарсымын десе, бүлінген және дұрыс қолданбаған бланк саны — 93 болды. Бақыт Күрішбеков Талғар қаласында туған.
32 жаста. Мамандығы — экономист. Сайлауға дейін Amanat партиясы Талғар аудандық филиалының атқарушы хатшысы болып жұмыс істеген.