Үкіметтің бағаны тұрақтандыруға бағытталған шаралары тиімсіз болып шықты — Президент

0 18

Бүгін Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев инфляцияны тежеудегі кемшіліктерді айтты, — деп хабарлайды “ZhambylNews” АА.

«Қазір инфляцияның шарықтап кетуі ең күрделі мәселе болып отыр. Бағаның өсуіне азық-түлік инфляциясы әсер етті. Оның деңгейі 19,2 пайызға жетті. Жалпы, азық-түліктің кейбір түрі бірден 80 пайызға қымбаттады. Үкіметтің бағаны тұрақтандыруға бағытталған шаралары тиімсіз болып шықты. Үкімет инфляцияны ескі әдіс-тәсілмен тоқтатқысы келеді. Оның өзінде бюджеттен қосымша қаражат бөліп, бағаны жасанды түрде ғана реттеп отыр. Яғни, қымбатшылықтың себебімен емес, салдарымен күрес жүріп жатыр»,деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Осы орайда Президент бұл бағытта жаңа идеяларды іске асыруды тапсырды.

«Ал, шын мәнінде, керісінше болуы керек. Үкімет бар жауапкершілікті өңірлерге артып қойды. Олар әкімшілік ресурсты пайдаланып, дүкендерді аралап жүр, басқа тәсілдер және жаңа идеялар жоқ. Мұндай жұмыс ешқашан тиімді болған емес. Бір сөзбен айтқанда, нарық заңдылығына сай келетін жаңа ұстаным жоқ», — деді Мемлекет басшысы. Бұдан бұрын хабарланғандай, Премьер-Министр Әлихан Смайылов Үкіметтің кеңейтілген отырысында І жартыжылдықтағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысын баяндады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.