2023 жылы Қазақстанда жаңа Салық кодексі әзірленеді. Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында Жолдауын жариялаған ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті, деп хабарлайды «ZhambylNews» АА ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
«Үшіншіден, орнықты экономикалық өсім — түсінікті, болжамды салық саясатына тікелей тәуелді. Фискалды реттеуді қайта жүргізу мақсатында 2023 жылы жаңа Салық кодексі әзірленеді. Оның ауқымды бөлігі – салықтық әкімшілік – толық қайта жаңаруы тиіс», — деді Президент.
Сонымен қатар, Мемлекет басшысы салықтық бақылауға кез келген сырттай әрекеттестіктерді тыю қажеттігін атап өтіп, осы бағыттың толық цифрландыруын қамтамасыз ету керектігін айтты.