Келесі жылы мәжіліс және мәслихат сайлауы өтеді

0 22

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында Мәжіліс пен бүкіл деңгейдегі мәслихаттардың сайлауын келесі жылдыңекінші жартысында өткізуді ұсынды.

«Мәжілістің және барлық деңгейдегі мәслихаттардың сайлауын келесі жылдың бірінші жартысында өткізуді ұсынамын», — деді Мемлекет басшысы.

Мемлекет басшысы осы арқылы көпшіліктің мүддесін білдіретін депутаттардың жаңа құрамы жасақталатынын атап өтті.

«Бұл қадам мәслихаттар мен Парламент жұмысының тиімділігін артыратыны сөзсіз. Болашақта Үкіметтің құрамына сайлаушылардың басым көпшілігінің дауыстарын алған саяси күштердің ғана емес, Парламенттегі басқа да партиялардың өкілдері кіруі мүмкін. Мұндай тәсіл атқарушыбилікке бүкіл қоғамның талап-тілегін ескеретінітиімлі шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Жолдаудың негізгі бөлігі еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына арналады.

Сондай-ақ Президент Үкіметтің жұмысын сынады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.