3 және 4 қыркүйекте елордада жамбылдық тауар өндірушілердің қатысуымен жәрмеңке өтеді

0 30

Нұр-сұлтан қаласында 3 және 4 қыркүйекте Жамбыл облысы тауар өндірушілерінің қатысуымен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді,-деп хабарлайды «ZhambylNews» АА.

Жәрмеңке «Астана-Арена»стадионының жанындағы тұрақта ұйымдастырылады. Онда барлығы 90 шаруа қожалық пен кәсіпорындар 423,2 миллион теңге сомасында 495,8 тонна ауыл шаруашылығы өнімін жеңілдетілген бағамен астаналық тұрғындарға ұсынылады. Жәрмеңкеге 62 тонна жылқы еті, сиыр мен қой еті, 38,8 тонна сүт өнімдері, алты мың жұмыртқа, 10 тонна кондитерлік және 13 тонна макарон өнімдері, 10 тонна балық, алты тонна бал, 5,5 тонна мақсары майы және 336,1 тоннадан астам көкөніс, жемістер мен бақша өнімдері, 10 тонна қант шығарылады.
Өнімдерді 10-20 пайыз жеңілдікпен халықтың табысын арттыру бойынша пилоттық жоба аясында құрылған шаруа қожалықтары да ұсынады.

⁃ Барлық өнімдер санитарлық-ветеринарлық талаптарға сәйкес келеді. Көлік шығындарын және сауда орындарымен қамтамасыз етуді ауыл шаруашылығы басқармасы өз мойнына алады. Тауарды тасымалдау үшін 10 ірі жүк көлігі бөлінді, — дейді ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Ербол Жиенқұлов.

Leave A Reply

Your email address will not be published.