ҚР Президенті сайлауына кандидаттардан өтініш қабылдау басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Сағат 10:35-тегі жағдай бойынша Орталық сайлау комиссиясына кандидатты ұсыну өтініші келіп түскен жоқ», — деді Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Мұхтар Ерман.
Айта кетсек, бүгін Президент сайлауына кандидаттарды ұсыну басталды. Аталған процесс 11 қазан күні сағат 18:00-де аяқталады .
Президенттікке кандидаттарға қойылатын талаптар:
ҚР азаматы болуы;
ҚР аумағында соңғы 15 жыл бойы тұруы;
Жоғары білімінің болуы;
Жасы 40-қа толған болуы;
Белсенді сайлау құқығының болуы;
Мемлекеттік қызметте немесе сайланбалы лауазымда кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесінің болуы;
Мемлекеттік тілді еркін меңгеруі.
Бұған дейін Президенттікке кандидаттар төлейтін 3 млн теңге жарна иесіне қандай жағдайда қайтарылатыны туралы хабарлаған едік.