Ауа райының күрт бұзылуына байланысты 26 қараша, сенбі күні елорда оқушылары мектепке бармайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
IKomek жедел қызметі таратқан мәліметке қарағанда, ертең күндіз елордада 22-24 градусқа дейін аяз, түнде ауа температурасы 30-32 градусқа дейін суытады.
Қазірдің өзінде толассыз қар жауып, ақтүтек боран соғып тұр.
Осыған байланысты мектептегі сенбіге жоспарланған қосымша факультатив сабақтар, үйірмелер мен секциялар қашықтан ұйымдастырылады.
Еске сала кетейік, осыған дейін Астана әкімдігі мен төтенше жағдайлар қызметі тұрғындардан осы демалыста қала сыртына шықпауды өтінген болатын.